
Жетісу облысы бойынша МКД жұмысының жаңа режимі
Құрметті салық төлеушілер!
Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2025 жылғы 19 мамырдан бастап жаңа жұмыс режимі туралы хабарлайды.
ҚР ҚМ 2025 жылғы 25 сәуірдегі №197 бұйрығымен бекітілген ҚР ҚМ еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес Комитеттің барлық аумақтық бөлімшелері (кезекші бекеттерді, кеден бекеттерін, бақылау өткізу пункттерін және тәулік бойы не ауысымдық жұмыс кестесін ұйымдастыру талап етілетін өзге де мамандандырылған бөлімшелерді қоспағанда) үшін мынадай жұмыс режимі белгіленеді:
- жұмыстың басталуы: 8 сағат 30 минутта;
- жұмыстың аяқталуы: сағат 18.00-де;
- түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30 минутқа дейін.