Жарияланған күні: 13.06.2025 15:46
Өзгертілген күні: 13.06.2025 15:47

 

Мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салу

 

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен мінез-құлқына үлкен мән беріледі. Этикалық нормаларды сақтау мемлекеттік қызмет жүйесінде ерекше орын алады.     

Лудоманияның өсуіне жол бермеу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер арасында жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 8 шілдедегі № 116-VIII Заңына сәйкес (2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді реттейтін 12-бабының 1-тармағы 6-тармақшамен толықтырылды. Бұл тармақша мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігулерге қатысуына тыйым салады.

Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыру белгілі бір дәрежеде олардың қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқына байланысты екенін мойындау керек.  Осы бағытта Әдеп кодексінде мыналар көзделген:

- Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қарапайымдылық танытуға, тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қол сұғумен ұштасатын қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.

Мәселен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 3-тарауының 6-тармағының 10) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тартуы қажет.

Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не жұмыстан шығаруға (атқаратын лауазымынан босатуға, өкілеттіктерін тоқтатуға) әкеп соғады, олардың сақталмауы жұмыстан шығаруға негіз болып табылады (атқаратын лауазымынан босатылады, өкілеттіктерін тоқтатады).

Құмар ойындарға қатысқандығы туралы мәліметтер алынған лауазымды тұлғаларға мұндай қызметке тікелей заңнамалық тыйым салынған. Бұл тыйымды бұзу атқаратын лауазымынан босатуға әкеп соғады.

Ағымдағы жылдың наурыз айында "eGov mobile" мобильді қосымшасы арқылы букмекерлік сайттарда тіркелудің алдын алу үшін онлайн форматта құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуды ерікті түрде өзін-өзі шектеу бойынша сервис іске қосылды.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуға тиіс.

 Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адалдықпен құзыретті және тиімді орындайды деп есептейді.

Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына жоғары талаптар қояды.

 

Жетісу облысы бойынша МКД әдеп жөніндегі уәкілі - басшының орынбасары Н.А. Баймулдинов