- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 26.11.2024 09:29
Өзгертілген күні: 26.11.2024 09:31
Жаңа «Keden» кедендік ақпараттық жүйесін іске қосу: СЭҚ-қа қатысушылар үшін маңызды өзгеріс
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қолданыстағы «АСТАНА-1» және «Экспорттық-импорттық операция жөніндегі Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйелерін кезең-кезеңмен алмастыратын жаңа «Keden» кедендік ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Осы үдеріс шеңберінде 2024 жылғы 14 қарашадан бастап «Кеdен» АЖ-да кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификатын тіркеуге өтініш беруді, сондай-ақ сертификаттың өзін қалыптастыруды қамтитын жаңа функционал іске қосу басталады.
2024 жылғы 16 қарашадан бастап – «Keden» АЖ-да:
- алдын ала ақпарат беруді және тауарлардың келуі бойынша кедендік операцияларды жасауды.
- Көлік, ветеринариялық, фитосанитариялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудан өтуді.
- Транзиттік декларацияны беру, тіркеу және шығару, сондай-ақ кедендік транзитті аяқтауды.
- Тауарларды уақытша сақтау бойынша кедендік операцияларды жасауды.
- Бейрезидент-жеке тұлғалар үшін бірегей сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды қоса, жаңа функционал жұмысы басталады.
Мынадай өзгерістерді атап өту қажет:
- Кедендік транзит үшін кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификаттарын тіркеу 2024 жылғы 14 қарашадан бастап тек «Keden» АЖ-да жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте транзиттік декларацияны беру кезінде осы жүйеде тіркелген сертификат қана қабылданатын болады.
- 2024 жылғы 15 қарашада сағат 22:00-ден бастап «АСТАНА-1» АЖ арқылы транзиттік декларацияларды беру, тіркеу және шығару тоқтатылады. 2024 жылғы 16 қарашадан бастап бұл операциялар тек «Кеdеn» АЖ арқылы орындалатын болады.
- Транзиттік декларацияны пайдалана отырып, кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу ҚР резидент-төлеушілері, бейрезидент-заңды тұлғалар төлеушілері үшін 106119-да БКК-да (аванстық төлемдер) жүргізілуге тиіс.
- Бейрезидент-жеке тұлғалар үшін «Keden» АЖ-да бірегей сәйкестендіру нөмірі (БСН) жасалатын болады және олар бойынша дербес шоттарды жүргізу жүзеге асырылады. Мұндай төлеушілер үшін кедендік алымды төлеу 106201 БКК-да (кедендік алымдар) жүргізіледі.
- СЭҚ-қа қатысушы-төлеушілерге транзиттік декларация берілген күні немесе транзиттік декларация берілгенге дейін сағат 20:00-ге дейін кедендік алымдарды төлеуді жүргізу ұсынылады.
- Сыртқы сауда қатысушыларына «Keden» АЖ-да тіркелу бойынша нұсқаулықтармен және жаңа функционалмен жұмыс істеу жөнінде алдын ала танысу ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Keden» АЖ-ны енгізу – кедендік рәсімдерді жаңғыртудағы және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара іс-қимылды жетілдірудегі маңызды қадам екенін ескертеді.
Қосымша ақпарат және консультация алу үшін қолдау қызметіне хабарласыңыз:
- +7 7172 73 55 19
- +7 705 956 53 89
- e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz
- және telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz