Жарияланған күні: 16.11.2022 16:53
Өзгертілген күні: 16.11.2022 16:53

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ұлттық валюта күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

 

Бүгін Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ұлттық валюта күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Басшы Т.Д.Козбеков МКД қызметкерлеріне құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан тарихындағы айтулы күндердің бірі, ал теңге – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттіміздің басты символы болғанын атап өтті.
Әрі қарай Талғат Джапарханұлы ұжымды ұлттық валюта күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады! Отбасыларына денсаулық, бақыт, үлкен жетістіктер, қаржылық тұрақтылық пен амандық тіледі!
Сондай-ақ Департаменттің жекелеген қызметкерлеріне "Қаржы қызметінің үздігі" төсбелгісімен, ҚР ҚМ құрмет грамоталарымен, ҚР ҚМ Алғысымен, МКД басшылығының Құрмет грамоталарымен марапатталды.