Жарияланған күні: 04.12.2024 15:19
Өзгертілген күні: 04.12.2024 15:28

2024 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталды. Осы бастама шеңберінде бизнес өкілдері — заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары мен қатысушылары, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары 250.00 нысаны бойынша «кіру» декларациясын тапсыра отырып, Қазақстандағы және шетелдегі өз активтерін декларациялады.



Бұдан басқа, бұрын жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген азаматтар 270.00 нысанды кірістер мен мүлік туралы жыл сайынғы декларациясын ұсынды.



Декларацияларды тапсыру мерзімі ағымдағы жылы 2024 жылғы 1 қаңтардан 16 қыркүйекке дейін белгіленді, бұл 8,5 айды құрады. Осы уақыт ішінде Мемлекеттік кірістер органдары декларанттарды бұқаралық ақпарат құралдары, СМС-хабарламалар және басқа да тәсілдер арқылы декларацияларды тапсыру қажеттілігі туралы белсенді түрде хабардар етті.



Ақпараттық қолдауға қарамастан, кейбір салық төлеушілер белгіленген мерзімде декларация тапсырған жоқ. Мұндай жағдайларда салық органдары бұзушылықтарды жою үшін қосымша 30 жұмыс күнін бере отырып, салық заңнамасында белгіленген мерзімде жеке тұлғаларға салық есептілігін ұсынбау туралы хабарлама жібереді. Осылайша, азаматтарға декларация тапсыру үшін 10 ай уақыт берілді.