Жарияланған күні: 28.10.2022 09:23
Өзгертілген күні: 28.10.2022 09:24

Кеден саласындағы жауапты құрылымдардың бірі Кедендік транзит рәсімі бойынша декларацияларды тексеру бөлімшесі болып табылады. Сонымен, іс жүзінде транзиттік декаларацияны толтыру ережелерін бұза отырып, тауарларды дұрыс емес декларациялау фактілері жиі кездеседі. Осыған байланысты транзиттік декларацияларды қабылдайтын және тіркейтін кеден маманы кәсіби дайындығы жоғары, зейінді және принципті қызметкер болуы керек.

Бұдан басқа, кедендік транзит рәсімі бойынша тауарларды декларациялау кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, "ИДК күдікпен" мөртаңбаның негізінде тәуекел саласына жататын тауарларға қатысты кедендік бақылау шараларын қолдану үшін тиісті бөлімшеге дереу мәліметтерді жолдау қажет. Әйтпесе, бұл қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, тауарлардың кедендік шекара арқылы өтуіне ықпал етуі мүмкін.

Біздің арамызда өздерінің функционалдық міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде орындайтын мамандар аз емес. Солардың бірі "Алтынкөл-жол" кеден бекетінің бас маманы Қожахметова Жадыра, ол өзінің еңбекқорлығымен және жұмысқа жауапкершілікпен қарауымен ұжымда құрмет пен беделге ие болды, жас қызметкерлер үшін үлгі болып табылады.

Сонымен, ағымдағы жылдың 9 айында ол 12 738 транзиттік декларация рәсімдеді, яғни жұмыс ауысымы үшін орта есеппен 150-200 транзиттік декларация ресімделеді. Сонымен қатар, ол кеден өкілдері жіберген бұзушылықтардың 16 фактісін анықтап, 574 313 теңге көлемінде айыппұл өндіріп алды.

Бұл, әрине, өз жұмысын жақсы білетін және өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарайтын мемлекеттік қызметкердің, өз ісінің маманының жарқын мысалы.