
ТІЖ рәсімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 6 қазандагы № 1040 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 7 қазандағы № 30077) «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Қағидаларға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
- Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар (ТІЖ) және «Виртуалды қойманың» жұмысын оңайлату мақсатында бизнестің ұсыныстары бойынша салық төлеушілерге электрондық құжаттармен алмасу сервисі арқылы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулімен интеграциялық өзара іс-қимылды жүзеге асыруды таңдау ұсынылады.
- Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды қамтамасыз ету мақсатында пилоттық жобаға «сұйытылған мұнай газ» қосымша енгізілді.
- Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау және тауарлардың бақылануын қамтамасыз ету мақсатында арнайы экономикалық аймақ (АЭА) аумағына (аумағынан) әкелінген / әкетілген, АЭА аумағында өндірілген және өткізілетін тауарлар бойынша ТІЖ рәсімдеу бөлігінде пилоттық жоба кеңейтілді.
Бұл ретте пилоттық жобаны өткізу мерзімі 2022 жылғы 1 қарашадан басталып, 2023 жылғы 1 сәуірге дейін жүргізіледі.