
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мынаны хабарлайды.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 22.11 №1178 бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде ТІЖ-ны міндетті ресімдеу енгізіледі.
Басқа тауарлық позициялар бойынша ТІЖ міндетті ресімдеу пилоттық жоба аяқталғаннан кейін, яғни 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді, бұл ретте ЕАЭО елдерімен өзара саудадағы экспорттық-импорттық операциялар бойынша ТІЖ міндетті ресімдеу мерзімін ауыстыру көзделмеген.
ТІЖ міндетті ресімдеу күшіне енген кезде ТІЖ ұсынбағаны және ТІЖ -дағы мәліметтердің нақты тасымалданатын жүкке сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-1-бабына сәйкес ТІЖ ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы, атауының сәйкес келмеуі, ТІЖ -да тауарлар санының (көлемінің) дұрыс көрсетілмеуі кәсіпкерлік субъектісіне байланысты 5-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.