Жарияланған күні: 29.10.2024 12:44
Өзгертілген күні: 30.10.2024 17:21

Шарттар:

- борыш көлемі 5,5 млн.теңгеден (1600 АЕК) аспайды;

- 12 ай ішінде өтем ақы болмаған;

- тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ;

- банкпен реттеу шарттары жүргізілген.

Мұнда 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен 5 жылдан астам берешегі өтелмейтін азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған. «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңында (бұдан әрі- Заң) 16 бабаның 1-тармағына сәйкес борышкер белгіленген нысан бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (E-gov веб-порталы және ХҚКО АЖ) не E-Salyq Azamat қосымшасы арқылы жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз береді. Бұдан әрі өтініштер «Qoldau» жеке тұлғалардың банкроттығы ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Qoldau») түседі. Өтініш келіп түскеннен кейін «Qoldau» жүйесінде деректердің Заңның 5-бабының талаптарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру жүйелерге сұрау жіберу арқылы іске қосылады. «Qoldau» ақпараттық жүйесі талаптарға сәйкестік мәніне дерекқордан интеграция арқылы мемлекеттік органдардың және өзге де мүдделі органдардың деректерімен салыстырып тексеруді жүргізеді. Яғни, интеграция арқылы борышкердің деректеріне автоматтандырылған тексеру жүреді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында «адами фактор» қағидаты бойынша шешім қабылдау алынып тасталды. Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері тек қоса берілген қарызды реттеу туралы құжаттың сәйкестігін тексереді.