Жарияланған күні: 06.04.2023 10:52
Өзгертілген күні: 06.04.2023 10:53

Сот банкроттығы.



Шарты:

5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша (салықтық, кедендік және тб) азаматтар жүгіне алады.

Сот банкроттығы мақсаты - банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.

Нені білу керек:

1.Сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады;

2. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылса, онда кредиторлар бұл мүлік есебінен берешекті өндіріп алуға құқылы;

3. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді яғни кредиторлар бұл мүлік есебінен берешекті өндіріп ала алмайды;

4. Қаржы басқарушысы тағайындалады;

5.Қаржы басқарушысының қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (айына 1 ең төменгі жалақы мөлшерінде – яғни 70 мың теңге), мүлкі жоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген;

6. Банкроттықты жүргізу мерзімі - 6 ай, ұзарту мүмкіндігі 6 ай;

7. Рәсімді жүргізу кезеңінде шетелге шығуға тыйым салынады.



Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің қара ниет белгілері болмаса (мүлікті немесе мүлігі жайлы ақпаратты жасыру) есептен шығаруға жатады.

Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, оның ішінде:

• Заңды тұлғалар банкроттығы рәсіміндегі әкімшілер;

• Кәсіби бухгалтерлер;

• Заң консультанттары;

• Аудиторлар.