
"ШЫХО-Қорғас" кеден бекетінің жұмыс күндері
2024 жылғы 25 наурызда Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "ШЫХО-Қорғас" кеден бекетінде "Rapiscan" телевизиялық аппаратының рентгенін қолдана отырып кедендік бақылау жүргізу кезінде ҚР екі азаматының багажында 150 (3000 дана) және 110 пакет (2200 дана) мөлшерінде "Milano" маркалы темекі бұйымдары табылды.
Бүгінгі күні тауарлар уақытша сақтау қоймаларына орналастырылып, азаматтардың іс-әрекеттері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 545-бабына сәйкес қарастырылуда.
2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 "Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы" ЕЭК № 107 шешіміне сәйкес жеке тұлғаларға ЕАЭО кедендік аумағына саны 200 ден аспайтын темекі әкелуге рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 23 наурызында "ШЫХО-Қорғас" кеден бекетінде ҚР-дан әкету кезінде ҚР екі азаматынан декларацияланбаған ақшалай қаражат анықталды. ҚР бір азаматының 4,6 млн. теңгесі, ал екіншісінің 4,54 млн.теңгесі көлемінде анықталды.
Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 343-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер ЕАЭО кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.
Барлық фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.