Жарияланған күні: 10.07.2025 09:08
Өзгертілген күні: 10.07.2025 09:10

 Салық берешегі: Қай жерден және қалай тексеруге болады? Толық нұсқаулық!

 

Әркімде мезгіл-мезгіл туындайтын сұрақ: "Салық бойынша берешегім бар-жоғын қалай білуге болады?". Сіз әрқашан хабардар болуыңыз үшін барлық жолдарын түсіндіреміз! 

 

 Салық берешегін қай жерден қарауға болады?

 

 Жауап: Ыңғайлы және жылдам бірнеше тәсіл бар:

 

    ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы (kgd.gov.kz): «Электрондық сервистер» бөліміне кіріп, «Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» қосымша бетін таңдаңыз. Бәрі қарапайым және түсінікті!

 

    E-SalykAzamat мобильді қосымшасы: Оны App Store немесе PlayMarket-тен жүктеп алыңыз. Сіздің салық кабинетіңіз әрқашан қолыңызда!

 

    Telegram-дағы SalyqBot: Егер сіз Telegram-ды белсенді қолдансаңыз, бұл бот қажетті ақпаратты тез алуға көмектеседі.

 

    Egov.kz электрондық үкімет порталы: Мемлекеттік қызметтерді алуға арналған ең танымал ресурстардың бірі.

 

    Банктердің мобильді қосымшалары: Көптеген банктер салық берешегін тексеру функциясын өз қосымшаларына біріктірген. Ыңғайлы!

 

Міндеттемелеріңіз туралы хабардар болып, өсімпұлдардан аулақ болу үшін осы ресурстарды пайдаланыңыз! 

 

#СалықБерешегі #СалықТексеру #EgovKZ #ҚРМКК #МобильдіҚосымша #ҚаржылықСауаттылық