Жарияланған күні: 26.06.2025 15:44
Өзгертілген күні: 26.06.2025 15:44

Ресей Федерациясы кеден қызметі өкілінің Жетісу облысындағы Қазақстан Республикасының кеден бекеттеріне жұмыс сапары

 

16-18 маусым аралығында Ресей Федерациясы кеден қызметінің Қазақстан Республикасы Кеден қызметі жанындағы Өкілдігінің басшысы, кеден қызметінің генерал-лейтенанты Ю.М. Ладыгин "Алтынкөл жол", "Нұр жолы", "Алакөл" және "Теміржол" кеден бекеттеріне танысу жұмыс сапарымен барды.

Сапардың мақсаты Қазақстан Республикасының шекарасында орналасқан негізгі кеден объектілерінің ағымдағы қызметімен танысу болды. Іссапар барысында генерал-лейтенант Ю.М. Ладыгин бекеттердің инфрақұрылымымен, кедендік бақылау және ресімдеу әдістерімен, сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жағдайларымен танысты.

Озық цифрлық технологияларды енгізу және ақпарат алмасуды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Генерал-лейтенант Ю.М. Ладыгин барған кеден бекеттерінің жұмысының ұйымдастырылуын және техникалық жарақтандырылуын жоғары бағалап, қазақстандық әріптестерінің кәсібилігін және кеден қызметінде заманауи тәсілдерді тиімді қолдануын атап өтті.