Жарияланған күні: 27.11.2025 16:29
Өзгертілген күні: 27.11.2025 16:30

 ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАНДАР үшін МАҢЫЗДЫ ЖАҢАЛЫҚ!

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін (АСР) қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін бекітті.

ҚР Үкіметінің № 994 қаулысы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл шешім табысты заңдастыру және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады!

Енді сіз келесі қызмет түрлерімен айналыссаңыз, жеңілдетілген режимде жұмыс істей аласыз:

•   Такси қызметі

•   Дайын тағамды тапсырыс бойынша жеткізу

•   Жеке тұрғын үй жылжымайтын мүлкін жалдау және басқару

•   Фотография саласындағы қызмет

•   Спорт және демалыс саласындағы білім беру

•   Шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтерін көрсету

•   Компьютерлерді, аяқ киімді, зергерлік бұйымдарды және жиһаздарды жөндеу

Ескеретін маңызды нюанстар:

•   Қосалқы коммерциялық қызмет (ЖСЭҚ 82990) тек қана интернет-платформалар арқылы көрсетілетін қызметтерге ғана рұқсат етілген.

•   Басқа пошта және курьерлік қызмет (ЖСЭҚ 53200) басқа пошта қызметінен басқасына рұқсат етілген.

 Өзіңіздің ЖСЭҚ кодыңызды тексеріңіз! 40 тармақтан тұратын толық тізбе № 994 қаулымен бекітілді. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2500000994

2026 жылдан бастап табысыңызды оңай заңдастырыңыз!