Жарияланған күні: 22.09.2023 15:25
Өзгертілген күні: 22.09.2023 15:27

Жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеуден мынадай тұлғалар босатылды:



 Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Батырлары, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Epi" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және "Отан" орденімен марапатталған адамдар-республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде;



Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлері, Отан алдындағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Қазақстандағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл, мүгедектер;

 Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге;

 Бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі ;

 "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналар, Жеке тұратын зейнеткерлер;

 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы айқындайтын тұрғын үйлер мен басқа да объектілерді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер;

 Жеке тұлғалар – Пәтер (бөлме) меншік иелері, пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша, көппәтерлі тұрғын үй алып жатқан жер учаскесінде.



 2022 жылға жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 қазанда аяқталатынын еске саламыз