
Маңызды ескерту!
Есіңізде болсын, 15 қыркүйек – 2024 жылғы табыс және мүлік туралы (270.00-нысан) және активтер мен міндеттемелер туралы (250-нысан) декларацияны тапсырудың соңғы күні.
Назар аударыңыз: бұл декларацияларды тапсыру мерзімі ұзартылмайды.
Өткен жылғы жеке табыс салығын (ЖТС) 25 қыркүйекке дейін төлеуіңіз керек.
Декларацияларды оңай және тез тапсырыңыз! Мұны онлайн түрде мыналар арқылы жасауға болады:
- Салық төлеуші кабинеті: https://knp.kgd.gov.kz/
- «Электрондық үкімет» порталы: egov.kz
- Мобильді қосымшалар: «e-Salyq Azamat», «eGov mobile», «Halyk», «Банк центр кредит» және «Kaspi».