
Құрметті Жетісу облысы тұрғындары!
2024 жылға арналған көлік салығын уақытында төлеудің маңыздылығы туралы еске салғымыз келеді. Салықты төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. Бұл – біздің облыстың дамуына үлес қосу мүмкіндігі! Сізге ыңғайлы болу үшін біз барлық жағдайды жасадық.
Салықты қалай төлеуге болады?
Төлем жасаудың бірнеше жеңіл және заманауи тәсілі бар:
- «e-Salyq Azamat» мобильді қолданбасы арқылы;
- kgd.gov.kz веб-порталдың «Жеке тұлғаларға арналған алдағы төлемдер» бөлімінен;
- 2-деңгейлі банктердің мобильді қолданбалары арқылы.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 12-31 наурыз аралығында сізге банкіңізден салық сомасы туралы push-хабарландыру жіберіледі. Нұсқауларды орындап, бірнеше рет басу арқылы салықты тез төлеңіз!
«Өзіңнен баста» акциясы
«Өзіңнен баста» акциясы аясында Жетісу облысы Бірыңғай салықтық қызметінің барлық қызметкерлері 2024 жылға арналған көлік салықтарын төлеп үлгерді. Біздің жеке үлгіміз шабыттандырады деп сенеміз және сізді бізге қосылуға шақырамыз!
Бұл неге маңызды?
Уақытында төленген салықтар облысымыздың инфрақұрылымын нығайтуға, жолдарды жөндеуге және өмір сапасын арттыруға көмектеседі.
Соңғы сәтке қалдырмаңыз! Көлік салығын бүгін-ақ төлеп, өзгерістерге бірге қол жеткізейік. Бірлікте – біздің еліміз гүлдейді!