Жарияланған күні: 28.11.2024 11:54
Өзгертілген күні: 28.11.2024 11:55

Құрметті тасымалдаушылар мен жүргізушілер!

 

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Нұр жолы", "Алакөл" автомобиль өткізу пункттерінде Қытай Халық Республикасының шетелдік рұқсат бланкілерінің болмауына байланысты хабарлайды.

ҚР Министрлер Кабинетінің 05.04.1993 жылғы №263 қаулысына сәйкес шетелдік рұқсат бланкілерін ҚР Көлік министрлігі Қытай Халық Республикасынан алынады. Ал мемлекеттік кірістер органдары оларды өткізу пункттерінде отандық тасымалдаушылардың шет мемлекеттің аумағы арқылы өтуі үшін беруді жүзеге асырады.

2024 жылдың 01 қаңтарынан бастап Жетісу облысының кеден бекеттеріне 152 300 бланкілер бөлініп, 2024 жылғы 28 қарашада тасымалдаушыларға толығымен берілді.

Бүгінгі таңда Қытай Халық Республикасына "CargoRuqsat" электрондық кезек жүйесі арқылы жол жүруге Жетісу облысының кеден бекеттерінде 12 423 жүк АТС тіркелген.

ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің деректері бойынша 29.11.2024 жылы ҚХР көлік министрлігі ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетіне "Қытай С" түріндегі 10 000 шетелдік рұқсат бланкілерін береді, олар кейіннен кеден бекеттеріне бөлінетін болады.

Бұдан басқа, ҚР МТ ҚААТ көліктік бақылау инспекциясымен қатар осы жылдың соңына дейін шамамен 30 000 бірлік көлемінде электрондық бланкілер берілетін болады.

Өз кезегінде Департамент тұрақты негізде тасымалдаушылар арасында Telegram, Whatsapp чат мессенджерлерінде және тікелей АЖ-да түсіндіру жұмыстарын жүргізеді "QOLDAU.kz".

 Сіздерге түсіністік үшін алғыс айтамыз!