Жарияланған күні: 04.04.2025 09:55
Өзгертілген күні: 04.04.2025 09:56

«Keden» АЖ уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу жөніндегі мемлекеттік қызметті іске қосу

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізуді жалғастыруда. Осы процесстің аясында 2025 жылғы 7 сәуірден бастап жаңа функционал енгізіледі – уәкілетті экономикалық операторлар реестріне қосылу туралы өтініштер тек «Keden» жүйесі арқылы беріледі.

 Маңызды:

«Экспорт-импорт операциялары бойынша Біріккен терезе» жүйесі арқылы өтініштер қабылдау 2025 жылғы 4 сәуір сағат 18:30-дан бастап тоқтатылады.

Қалай өтініш беру керек?

Жүйеде тіркелу және өтініш толтыру бойынша толық нұсқаулықтар келесі жерлерде қолжетімді:

- https://keden.kgd.gov.kz порталында (нұсқаулықтар басты беттегі бөлімде);

- уәкілетті экономикалық операторларға арналған ресми Telegram-чаты: https://t.me/kedenkgdgovkz/45032.

Назар аударыңыз!

 Тіркеу барысында өтініштің мәртебесі туралы уақтылы хабарламалар алу үшін өзекті байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі және электрондық пошта) көрсету қажет.

Консультация үшін байланыс деректері

Қолдау телефондары:

+7 (7172) 73 55 19,

+7 (705) 956 53 89

 Электрондық пошта: keden_support@kgd.minfin.gov.kz

 Telegram-канал: https://t.me/kedenkgdgovkz

 

#ҚРҚММКК #КГДМФРК #кеден #таможня