Жарияланған күні: 13.02.2025 18:13
Өзгертілген күні: 13.02.2025 18:19

Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салуды енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген балықты шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынғанын хабарлайды. Бұл шешім Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 қантардағы № 29 «Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы» бұйрығына сәйкес қабылданды.

Тыйымның негізгі ережелері:

Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге көліктің барлық түрлерімен (автомобиль, су және темір жол көлігі) өңделмеген балықты: өзге де жаңа ауланған немесе салқындатылған балықты (көксерке) (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 0302 89 107 0 кодынан), кларии (африкалық) жайынын қоспағанда, жаңа ауланған немесе салқындатылған жайынды (ЕАЭО СЭҚ ТН 0302 72 000 0 кодынан), кларии (африкалық) жайынын қоспағанда, мұздатылған жайынды (ЕАЭО СЭҚ ТН 0303 24 000 0 кодынан), өзге де тұщы су балықтарын, мұздатылған (көксеркені) (ЕАЭО СЭҚ ТН 0303 89 107 0 кодынан) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілді.

Сонымен қатар, уәкілетті орган өкілдері кедендік рәсімдерді ресімдеу кезінде әртүрлі түсіндірулерді болдырмау мақсатында СЭҚ ТН кодынан 0302891070, 0303891070, көкскерке жасалған мұздатылған өніміне (арнайы кесілген ұшасы, бөлігі, қабаты, басы кесілген қабаты, жоны, төсі) сондай-ақ СЭҚ ТН 0302720000, 0303240000 кодынан жайын мұздатылған өніміне (арнайы кесілген ұшасы, бөлігі, қабаты, басы кесілген қабаты, жоны, төсі) бөлінген шектеу шаралары қолданылмайды, өйткені мұздатылған балық өнімдерінің аталған бөлінген түрлері қайта өңдеу өнімдері болып табылады хабарлаймыз.

Тыйым салу мерзімі – ағымдағы жылдың 14 ақпаннан бастап 14 тамызға дейін.

Тыйымның мақсаты – ел ішінде балық ресурстарын сақтау және өңделген өнімдерді өндіруді ынталандыру арқылы отандық балық өнеркәсібін дамыту.