
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акция
30 мамыр күні сағат 16:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.
Мемлекеттік органдар, елдің үздік заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.
Акцияның өтетін орны: Талдықорған қаласы, «Бірлік» ықшам ауданы 2А, Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының ғимараты.
Қосымша ақпарат: https://prg.kz/lp/kk/narod-jur-2024/ сайтында.
Ұйымдастырушылар: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Параграф» АЖ, Zakon.kz желілік басылымы, мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заңгерлер.