Жарияланған күні: 13.09.2024 10:51
Өзгертілген күні: 13.09.2024 10:52

«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетті

 

"E-Salyq Business" мобильді қосымшасы - цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге арналған, бұл жаңадан тіркелген кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы.

Мобильді қосымшаның функционалы:

- жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;

- кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге;

- қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге;

- салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуг

- жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге;

- оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан);

- кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік

береді.

 

#esalyqbusiness #дгдпообластижетісу #жетісуоблысыбойыншамкд #салық #налог