
Чекті талап етіңіз - өз құқықтарыңызды қорғаңыз!
Құрметті Жетісу облысы тұрғындары!
Тауарлар мен қызметтерді қолма-қол ақшамен, төлем картасымен немесе мобильді төлемдер арқылы төлеген кезде міндетті түрде фискалдық чекті талап етіңіз! Бұл талап сіздің тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғайды және салықтық ашықтыққа ықпал етеді.
Чекті талап ету неге маңызды?
1. Құқықтарыңызды қорғау: Чек тауарды қайтаруға, айырбастауға немесе шағым түсіруге мүмкіндік береді.
2. Бизнестің адалдығы: Чекті бермеу салықтан жалтаруға әкеледі, бұл ел экономикасына әсер етеді.
3. Әлеуметтік бағдарламалар: әрбір чек — бұл зейнетақы, стипендия, жәрдемақы және т. б. сияқты әлеуметтік төлемдерді қаржыландыруға қосқан үлесі.
Есіңізде болсын! Чекті бермегені үшін 20-дан 40 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған! Сіздің құқықтарыңызды бұзуға жол бермеңіз.
Чекті талап етіңіз-адал бизнесті жүргізіп, мүдделеріңізді қорғаңыз!
#Талапкерлер #ТұтынушылардыңҚұқықтары #Адалбизнес