Жарияланған күні: 17.06.2025 10:44
Өзгертілген күні: 17.06.2025 10:45

Бәйге: Чектерді сканерле, 100 000 теңге ұтып ал!

 

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін «Бәйге» акциясын бастайды. «Amian» қосымшасында фискалдық чектерді тіркеңіз және 100 000 теңге ұтып алыңыз!

Жүлде ретінде 100 000 теңге облыстың үздік 50 қолданушысының біріне беріледі, оны кездейсоқ түрде Amian-ның Instagram-парақшасында анықтайды.

Бұл тәсіл әр қатысушыға тең мүмкіндік береді және әділеттілікті қамтамасыз етеді.