
Жетісу облысы бойынша МКД 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек салықтың АСР-не ауысуға өтініш білдірген салық төлеушілер а.ж. 1 мамырына дейін мемлекеттік кірістер органдарына «G. Бөлшек салықтың АСР-да» 2-бөлімінде «В. АСР қолдану шарттарына сәйкес келмеу» себептерінің белгісі бар АСР бойынша Хабарлама ұсынуы қажет, ол осы режимді 01.01.2023 жылдан бастап кез келген күннен 30.04.2023 жылға дейін қолдануына мүмкіндік береді.
Мысалы, салық төлеуші «G. Бөлшек салықтың СТН-на» 2-бөлімінде «В. АСР қолдану шарттарына сәйкес келмеу» себептерінің белгісі бар АСР бойынша Хабарламада 20.02.2023 жылды көрсеткен, тиісінше, МКК АЖ мұндай салық төлеушіні 01.02.2023 жылдан бастап автоматты түрде ауыстырады.
АСР бойынша Хабарлама қызметті жүзеге асыру орны бойынша электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште ұсынылады.
Бөлшек салық АСР қолданатын салық төлеушілер ҚҚС және әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды.
Осыған байланысты, бөлшек салықтың АСР не ауысқысы келетін ҚҚС төлеушілер АСР бойынша хабарлама берілген күннен бастап ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылуы қажет:
- «А. ерікті шешім қабылдау» себептері бойынша «G. Бөлшек салық АСР-не» 2-бөлімінде белгісі бар АСР бойынша Хабарлама;
- қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) төлеушілерді тіркеу есебі туралы салықтық өтініш (қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алу бөлігінде);
- ҚҚС бойынша тарату салық есептілігін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуы қажет.
ҚҚС бойынша хабарламаны қызметті жүзеге асыру орны бойынша ҚҚС төлеушілер тек қағаз жеткізгіште ұсынады.
Көрсетілген салық төлеушілер үшін бөлшек салықтың АСР қолданылуының басталу күні, АСР бойынша осындай Хабарлама берілген күн болады.