
БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ
01.10.2024 жылы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ-тың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Әдеп жөніндегі уәкіл, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Н.А. Баймулдинов "Қорғас ХШЫО" кеден бекетінде бизнес-процестерді цифрландыру бойынша жобаның қалай іске асырылғанын айтып берді. Енді Кедендік бақылау "Кеден" ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады, бұл багажды алу рәсімін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік берді. "Кеден" АЖ іске қосылуымен багажды өңдеу және кедендік бақылау уақыты 2 есеге қысқарды.
Озық технологияларды енгізу барлық деңгейдегі процестердің ашықтығын қамтамасыз етеді, бұл құқық бұзушылықтардың азаюына және бюджетке төлемдердің өсуіне кепілдік береді. Цифрлық технологиялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенімді қалқан бола алады.
Журналистер қойған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.