Жарияланған күні: 15.10.2025 17:13
Өзгертілген күні: 15.10.2025 17:15

Бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының кеңеюі туралы

Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 15 наурыздан басталған «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының кеңеюі туралы хабардар етеміз. Жоба сыйақы төлеу арқылы микро және шағын бизнес субъектілерінен фискалдық чектер алуды ынталандыруға бағытталған.
2025 жылғы 15 қазаннан бастап жобаға Талдықорған қаласы (Жетісу облысы) қосылады.

 Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы «Salyq кэшбэк» жобасы 2025 жылғы 15 наурыз, сәуір, мамыр, маусым және 15 шілдеден бастап кезең-кезеңімен іске қосылды.

«Salyq кэшбэк» жобасына кез келген адам қатыса алады. Ол үшін сізге қажет:
 Тауарларға немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық чек алыңыз;
«Amian» арнайы мобильді қосымшасындағы чектен штрих-кодты сканерлеңіз және сатып алу сомасының 2% мөлшерінде кэшбэк алыңыз.
Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефонның балансына аударуға болады.
2025 жылғы қазандағы жағдай бойынша төленген кэшбэк сомасы 127 млн теңгеден асты.
Бұдан басқа, пилоттық жоба іске асырылатын аумақтарда оң динамика байқалады: берілген чектер саны 48% — ға, ал олар бойынша жалпы сома — 38% - ға ұлғайды.

 Комитет бүкіл ел аумағында «Amian» мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, фискалдық чектерді алуды ынталандыру бойынша өзге де іс-шараларды іске асыратынын қосымша хабарлаймыз:
«Чекті талап ет — жүлдені ұтып ал!»
«Бәйге» акциясы
«Чекті талап ет — Halyk Bank сыйлығын ұтып ал!»

 Сыйақыларды есептеуді «IT Analytics» ЖШС операторы App Store және Google Play дүкендерінде тегін жүктеу үшін қолжетімді «Amian» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырады.

 Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды есептеулердің ашықтығын дамытуға және салық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін аталған жобалар мен акцияларға белсенді қатысуға шақырады.