Жарияланған күні: 28.11.2023 11:19
Өзгертілген күні: 28.11.2023 11:19

"Азаматтық бақылау - түбіртек талап ет" акциясы азаматтардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған

 

Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар, бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.

Бақылау-касса машина түбіртегін бермеу кірістерді жасыруға, салықтарды төлемеуге әкеледі, нәтежесінде көлеңкелі экономика көлемінің ұлғаюына әкеледі.

Жиналмаған салық – салынбай қалған ауруханалар, мектептер мен жолдар деген сөз.

"Азаматтық бақылау-түбіртек талап ет" аясында азаматтар фискалдық түбіртекті бермеуге қатысты бұзушылықтар және банк картасын қабылдаудан бас тарту туралы хабарлай алады.

Ақпараттағы бұзушылары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау үшін, түбіртекті бермеуге қатысты бұзушылықтар және банк картасын қабылдаудан бас тарту туралы сапалы бейне (дүкеннің мекенжайы мен атауы, сауда үйінің, базардың атауы,сауда үйіндегі бутиктің нөмірі) және кәсіпкерлік субъектілерін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.

Кәсіпкер туралы ақпаратты анықтау үшін сатып алушы кәсіпкердің кассалық аймағында орналасқан QR кодынан ақпаратты оқи алады.

"Азаматтық бақылау-түбіртек талап ет" акциясына кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштерді Мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады. 

Фискалды түбіртекті бермеу және банк картасын қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен "Wipon cashback" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және бұзушылық фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (1000 теңге) алуға болады.