Жарияланған күні: 22.12.2022 15:06
Өзгертілген күні: 22.12.2022 15:06

Аванстық төлемдердің қосымша есебін тапсыру мерзімі (101.02-нысан бойынша) 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады

 

 

Алдыңғы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңі үшін түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтық табысы 325 000 АЕК сомасынан асатын салық төлеушілер аванстық төлемдердің есебін ұсынуға міндетті. Есеп: КТС бойынша декларацияны тапсырғанға дейін және КТС бойынша декларацияны тапсырғаннан кейін ұсынылады.

ӘҚБтК-нің 278-бабына сәйкес, егер нақты есептелген КТС сомасы және 100.00 ТНН-де көрсетілген салық кезеңі ішінде есептелген аванстық төлемдер сомасынан 20% - дан астам мөлшерде асып кетсе, бұл нақты салықтың асып кеткен сомасынан 20% мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондықтан, жылдың соңында ағымдағы сәттегі болжамды КТС сомасын есептеу қажет және егер ол бастапқыда аванстық төлемдерді есептеуде көрсетілгеннен айтарлықтай өзгеше болса, 31 желтоқсанға дейін аванстық төлемдердің қосымша есебін (101.02 нысаны бойынша) ұсыну қажет.

Алдыңғы салық кезеңі үшін КТС бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуге жататын КТС бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есебі есепті салық кезеңі үшін кірістің болжамды сомасы негізге алына отырып жасалады және корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу мерзімдері басталмаған есепті салық кезеңі айлары үшін ұсынылады.