Жарияланған күні: 06.01.2025 15:28
Өзгертілген күні: 06.01.2025 15:33

2025 ЖЫЛЫ КІРІСТЕР МЕН МҮЛІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫ КІМ ТАПСЫРАДЫ?

 

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті сақталатынын хабарлайды:

• мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар (оның ішінде квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары) және олардың жұбайлары;

• банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;

• коммерциялық ұйымдардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) (АҚ-да дауыс беретін акциялардың 10% - дан астам және одан да көп үлесі) және олардың жұбайлары;

• жеке практикамен айналысатын тұлғалар;

• шетелде мүлкі бар тұлғалар (240.00-нысанды ұсыну тәртібіне ұқсас);

• ЖК табысын қоспағанда, өз бетінше салық салынатын табыс алған тұлғалар;

• ҚР-да және одан тыс жерлерде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен асатын ірі мүлікті сатып алған тұлғалар.

 

Бұл ретте азаматтар декларацияны e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, Салық төлеуші кабинеті (cabinet.salyk.kz), “Электрондық үкімет” порталы (egov.kz) көмегімен өз еркімен бере алады.