
2022 жылғы 15 қарашаға дейін салық есептілігін тапсыруды ұмытпаңыз
2022 жылғы 15 қарашада келесі нысандар бойынша салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады:
ф.101.03 - Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі;
ф.101.04 - Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі;
ф.200 - Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
ф.300 - Қосылған құн салығы бойынша декларация;
ф.400 - Акциз бойынша декларация;
ф.421 - Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі;
ф.570 - Экспортқа рента салығы бойынша декларация;
ф.590 - Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша декларация;
ф.710 - Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация;
ф.860 - Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық декларация;
ф.870 - Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларация;
ф.913 - Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация.
Декларацияны ұсыну тәсілдері:
- «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (cabinet.salyk.kz);
- СОӨЖ ақпараттық жүйесі (бағдарламаны МКК сайтынан тегін жүктеп алуға болады);
- қағаз түрінде.
Бұл ретте, есептілік тапсырудың соңғы күндерінде ақпараттық жүйе мен байланыс арналарына жүктеменің артуын болдырмау мақсатында салық есептілігін алдын-ала ұсынуға кеңес береміз. Одан бөлек, декларация ұсыну мерзімдерін ұзартуға болатынын еске саламыз.