
Құрметті салық төлеушілер және СЭҚ қатысушылары!
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 69-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен өтініштер «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесінде есепке алынбайды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, «Е-Өтініш» платформасы арқылы берілген мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштер есепке алынбайды және қаралмайды.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу тек қана egov.kz «Электрондық үкімет» порталының «Мемлекеттік қызметтер» сервисі және мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері (Салық төлеуші кабинеті, «Кеден», «Астана-1» және басқа да сервистер) арқылы жүзеге асырылады.
Өтініштерді жолдау кезінде аталған талаптарды ескерулеріңізді сұраймыз.




























