Date of publication: 16.07.2024 16:12
Date of changing: 16.07.2024 16:14

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

 

Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекет қауіпсіздігіне жүйелі қауіп, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін фактор.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

 

Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

 

          Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген,.

 

Пара

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде парамен байланысты қылмыстардың екі түрі қарастырылған:

•       пара алу (366-бап);

•       пара беру (367-бап).

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366 және 367-баптарында көзделген әрекеттер сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен байланысты.

Пара алу - ең қауіпті заңсыздықтың бірі, әсіресе егер оны адамдар тобы жасаса немесе қорқытып алумен қатар жүрсе.

Пара беру - бұл лауазымды тұлғаны заңды немесе заңсыз әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға немесе берушінің пайдасына қандай-да бір артықшылықтар беруге немесе алуға, оның ішінде жалпы қамқорлығы

Пара тек қана ақша емес екенін түсіну керек. Оған бағалы қағаздар, басқа мүлік, мүліктік құқық немесе мүліктік пайда, қызмет көрсету (мейрамханалардағы банкеттерге ақы төлеу, туристік сапарлар, көлік құралдарын ұсыну және т.б.) пара берушінің пайдасына әрекет немесе әрекетсіздік үшін ұсынылуы мүмкін.

 

Парақорлық - ең қауіпті сыбайлас жемқорлық, қызметтік қылмыс. Бұл мемлекеттік аппараттың беделіне нұқсан келтіреді, шенеуніктерге пара беру арқылы қалаған нәтижеге жету мүмкіндігі туралы идеяны тудырады.

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде анықталған.

Сыбайлас жемқорлық - бұл үлкен міндет. Онымен бүкіл қоғам күресуі керек.

2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жаңа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Стратегияның мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.   

Жетісу облысы бойынша МКД-нің

Адам ресурстары басқармасы