Date of publication: 27.04.2026 08:49
Date of changing: 27.04.2026 08:50

Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру тәртібіндегі өзгерістер туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 17 наурыздағы № 34 «Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру тәртібіне және жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің қабылданғанын хабарлайды.

Аталған шешімге сәйкес:
 2026 жылғы 19 сәуірден бастап (ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң — 19.03.2026 ж.) жеке тұлғалар келесі тауарларды әкелу кезінде жолаушылар кедендік декларациясында IMEI-кодтарды міндетті түрде көрсету енгізіледі:

смартфондар;
 ұялы байланысқа арналған телефон аппараттары;
 ұялы байланыс функциясы бар планшеттер.

IMEI-код декларацияның тиісті бағанында көрсетілуі қажет.

 Шешімнің мекенжай түрлерінің кодтарын көрсетуге қатысты өзге ережелері 2027 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

 Аталған өзгерістерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде ескерулеріңізді сұраймыз.