Date of publication: 11.03.2026 14:52
Date of changing: 11.03.2026 14:53

 

Салық – 2026: «19-АЙМАҚ» бағдарламасының қорытындысы 

 

10 наурызда «Жетісу» телеарнасында Жетісу облысы бойынша МКД мамандары Ш. Қалибекова мен Ж. Сәлімова көлік және жер салығы бойынша маңызды сұрақтарға жауап берді.

Негізгі мәселелер:

Көлік салығы: 2026 жылғы өзгерістер, жеңілдіктер және «сенімхатпен» сатылған көліктердің мәселесі. Салық заңды иесіне есептеледі!

Жер салығы: Учаске пайдаланылмаса да, салық төленуі тиіс. Тұрғын емес нысандарға арналған жерлер бойынша жеке тұлғалардың ерекше міндеттемелері бар.

Мерзімдер: Берешекті E-salyq Azamat қосымшасынан тексеруге болады.

Салықты уақытылы төлеп, айыппұлдан сақтаныңыз! 

Толық эфир жазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=9gbjQGC7Mxk