Date of publication: 02.03.2026 11:07
Date of changing: 02.03.2026 11:07

Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі

 

ҚР ҚМ МКК (Комитет) салық төлеушілердің назарына,мессенджерлерде электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жұмыс істеуге байланысты мәселелер бойынша ақылы қызметтер көрсетіледі деген жалған ақпараттың таралғанын жеткізеді.

ЭШФ АЖ-нің ресми техникалық қолдауы тек ақысыз негізде көрсетілетінін хабарлаймыз.

Ықтимал алаяқтық жүйенің алдын алу, сондай-ақ салық төлеушілердің есептік жазбаларына заңсыз қол жеткізуге жол бермеу мақсатында, Комитет ЭШФ АЖ-сі бойынша тек мемлекеттік кірістер органдарының ресми интернет-порталында орналастырылған ресми қолдау арналарына жүгінуді қатаң түрде ұсынады.

ЭШФ АЖ қолдау қызметінің ресми байланыс деректері:

 Электрондық пошта: esfsd@kgd.minfin.gov.kz

 Телефон: +7 (7172) 72-51-61