Date of publication: 02.03.2026 10:58
Date of changing: 02.03.2026 10:59

«ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ»: Мемлекеттік кірістер органдарының жаңа белестері мен сервистік моделі

 

2026 жылдың 27 ақпанында «Жетісу» телеарнасының «ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ» бағдарламасында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Жанар Нұршанова сұхбат берді.

Сұхбат барысында өңіріміздің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және 2026 жылы күшіне енген жаңа Салық кодексінің басты бағыттары талқыланды.

Басты көрсеткіштер мен жетістіктер:

Бюджеттің орындалуы: 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет түсімдері 321,4 млрд теңгені құрап, өсім қарқыны 102%-ға жетті.

Цифрландыру: Көрсетілетін 42 мемлекеттік қызметтің 39-ы (99,9%) электронды форматқа көшірілді. 2025 жылы барлығы 1,7 млн-ға жуық қызмет көрсетілген.

Сыртқы сауда: Импортталатын тауарлардың жалпы салмағы 34,1%-ға артып, 2 041 млн тоннаны құрады.

2026 жылғы жаңашылдықтар мен қолдау шаралары:

Жаңа Салық кодексі: Арнаулы салық режимдері оңтайландырылып, 7 режимнің орнына 3 универсалды режим қалды.

«Таза парақ» (Салық амнистиясы): 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін негізгі салық қарызын төлеген кәсіпкерлердің өсімпұлдары мен айыппұлдары кешіріледі.

«Халықтық бухгалтер» жобасы: Аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) мамандар мен ерікті бухгалтерлер кәсіпкерлерге тегін кеңес береді.

Жасанды интеллект: SalyqBot чат-боты мен eGov Mobile қосымшасында салық және кеден мәселелері бойынша жедел жауап беретін ИИ-агент іске қосылды.

Әлеуметтік қолдау: Мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт адамдар үшін үйіне баратын көшпелі «Сервистік топ» жұмысын бастады.

«Біздің мақсатымыз — жазалау емес, азаматтарға салықтық міндеттемелерін орындауға көмектесу және бизнеспен сенімді диалог орнату», — деп атап өтті Жанар Нұршанова.

 Кез келген сұрақ бойынша 1414 байланыс орталығына хабарласуға болады.

https://www.youtube.com/watch?v=pVRN5YBo7UE