Date of publication: 11.02.2026 17:14
Date of changing: 11.02.2026 17:15

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: Салық реформасы бюджетке 4,4 трлн теңге әкеледі

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында салық реформалары саласындағы тапсырмаларды жариялады.

Президенттің айтуынша, жаңа салық-бюджет саясаты теңгерімді сипатқа ие болып, экономиканың тұрақты дамуына және азаматтардың әл-ауқатының артуына бағытталуы тиіс.

«Осы жылдан бастап қолданысқа енгізілген Салық кодексі экономикадағы ашықтық пен тәртіпті арттыру үшін ынталандыру тетіктерін жасауға бағытталған. Қазірдің өзінде алғашқы оң нәтижелер байқалуда. Экономика министрлігінің мәліметінше, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа салық режимін іске қосудың арқасында 180 мыңнан астам жаңа салық төлеуші заңды аяға шықты. Үкіметтің бағалауы бойынша, салық реформасының нәтижесінде биылғы бюджетке қосымша 4,4 трлн теңге түседі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы белгіленген көрсеткіштерге негізсіз салықтық қысым жасау немесе бизнеске жөнсіз ауыртпалық салу арқылы қол жеткізілмеуі керек екенін атап өтті.

«Бюджетті толықтырудың едәуір әлеуеті тиімді салықтық әкімшілендіруде жатыр деп есептеймін. Сондықтан салық жүйесін жедел түрде толық цифрландыруды қамтамасыз ету қажет», – деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.