Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитеті қазіргі уақытта «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғандығын хабарлайды. Электрондық құжаттар штаттық режимде өңделіп, бүгінгі күнгі жағдай бойынша шамамен 540 мың ЭШФ жазылған.
Сонымен қатар, қазіргі кезде жекелеген салық төлеушілерде есепке алу (бухгалтерлік) жүйелері арқылы келіп түсетін ЭШФ-ларды өңдеу барысында қиындықтар байқалуда. Интеграцияға байланысты туындаған мәселелерді жою мақсатында қажетті техникалық жұмыстар жүргізілуде.
Техникалық қателер туындаған жағдайда esf.gov.kz порталы арқылы жұмыс істеу ұсынылады.
Сондай-ақ, салық төлеушілер ТІЖ, ЭШФ рәсімдеп, оларды «ЭШФ» ақпараттық жүйесінде:
− 2025 жылғы 30–31 желтоқсанда қағаз жүзінде жазылған шот-фактураны 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде;
− 2025 жылғы 30–31 желтоқсанда қағаз жүзінде жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжатты 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізуге құқылы:
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.




























