Date of publication: 17.11.2025 08:34
Date of changing: 17.11.2025 08:36

МКК «АСТАНА-1» (Keden АЖ) жүйесінде жаңа модульді тестілеуді бастайды

 

2026 жылдың қаңтар айының екінші онкүндігінде «Декларация тапсыруға дейін тауарларды шығаруға өтініш» (ТШӨ) атты жаңа модуль іске қосу жоспарлануда.

Не өзгереді?

 Қағаз түріндегі процестер цифрлық форматқа көшіріледі

 Кеден мен декларанттар арасындағы автоматтандырылған сұрау-жауап алмасу

 ТШӨ-тен кейін декларация тапсыру мерзімдерін автоматты түрде есептеу

«Файлды импорттау» арқылы тауарлардың үлкен тізімдерін жүктеу мүмкіндігі

2025 жылдың 17 қарашасынан бастап ТШӨ модулінің онлайн-тестілеуі басталады.

Оған кез келген адам қосыла алады.

 

 Тест порталында қолжетімді:

– тестілеу кестесі

– бейне-сабақтар

– пайдаланушы нұсқаулығы

– байланыс деректері

 test-keden.kgd.gov.kz

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті СЭҚ қатысушыларын белсенді түрде тестілеуге қатысуға шақырады!