
Қазақстан-Қытай шекарасының жұмыс уақыты
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды: Қытай Халық Республикасының Құрылған күніне (2025 жылғы 1–3 қазан) және Күздің ортасы мерекесіне (2025 жылғы 6 қазан) орай қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады. Аталған күндері жеке тұлғалар, автокөлік құралдары мен жүктердің өткізілуі жүзеге асырылмайды.
Сонымен қатар, теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, бұл көлік-логистикалық байланыстың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Комитет тасымалдаушыларды, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды және азаматтарды өз бағыттарын жоспарлау кезінде енгізілген шектеулерді ескеруге және тасымалдау кестелерін алдын ала түзетуге шақырады.




























