Date of publication: 14.07.2025 09:43
Date of changing: 14.07.2025 09:44

Қазақстан шекарадан өтуді жеделдетіп, жеңілдетіп жатыр

Транзиттік әлеуетті кеңейтуге бағытталған мемлекеттік саясат аясында ҚР ҚМ Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы 9 өткізу пунктін ауқымды жаңғыртудан өткізуде.

 2025 жылдың басынан бері 4 жаңартылған пункт іске қосылды:

– «Қалжат» пен «Алакөл» (Қытай Халық Республикасы)

– «Капланбек» пен «Атамекен» (Өзбекстан)

 Жыл соңына дейін мына пункттер жаңартылып бітеді:

«Қазығұрт», «Тажен», «Темір баба», «Майқапшағай», «Бақты»

Жаңартылған өткізу пункттері халықаралық стандарттарға сай және заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Бақылау «бір терезе» қағидаты бойынша, артық аялдаусыз, небәрі 30 минутта жүзеге асады.

 Негізгі цифрлық шешімдер енгізілді:

– CarGoRuqsat электронды кезек жүйесі

– Автокөлік хабтары мен транзиттік-логистикалық орталық

– «Кеден» цифрлық платформасы (20 модульдің 13-і жұмыс істеп тұр)

 Нәтижелер:

– Өткізу қабілеті 640 мыңнан 1,4 миллион көлікке дейін артты

– Шекарадан өту уақыты 3 есеге қысқарды

ҚР ҚМ шекаралық сервисті цифрландыру, автоматтандыру және дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

 Бұл — ыңғайлылықты, ашықтықты және сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам.