Date of publication: 28.04.2025 12:02
Date of changing: 28.04.2025 12:03

Бәйге: Чектерді сканерле, 100 000 теңге ұтып ал!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кассалық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру және көлеңкелі экономиканы азайту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында «Бәйге» атты жаңа акцияны өткізетінін хабарлайды.

Акция аясында ең көп фискалдық чек тіркеген жеке тұлғалар 100 000 теңге көлемінде сыйақы алады. Акция бүкіл ел бойынша 2025 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін өтеді.

Әр тоқсан қорытындысы бойынша оператор әр аймақтан бір жеңімпазды (барлығы 20 жеңімпаз – әр облыс пен республикалық маңызы бар қаладан бір) анықтайды, олар ең көп фискалдық чек сканерлейді. Жеңімпаздарға 100 000 теңге көлемінде сыйлық төленеді.

Акция тоқсан сайын өткізіледі:

• 1-кезең: 1 мамырдан екінші тоқсанның соңына дейін;

• 2-кезең: үшінші тоқсанда;

• 3-кезең: төртінші тоқсанда.

Акцияға қатысу үшін тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлем чектерін «Amian» мобильді қосымшасында тіркеу қажет.