Date of publication: 21.04.2025 18:39
Date of changing: 21.04.2025 18:40

2025 жылғы 18 сәуірде «Хоргос-ШЫХО» кеден бекетінде «Renault» маркалы автокөлікке кедендік тексеру жүргізу барысында, «А» ЖШС-не тиесілі көліктің жүк салғыш бөлігіндегі қаптама астынан «ОРИС» маркалы 20 блок темекі анықталды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешіміне сәйкес, жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бажсыз және салықсыз алып өту үшін белгіленген құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар белгіленген. Аталған нормаларға сәйкес, жеке пайдалануға арналған темекі өнімдерін (этил спирті мен спирт мөлшері 0,5%-дан асатын алкоголь өнімдерінен басқа), әуе көлігінен өзге көлік түрлерімен немесе жаяу алып өткен кезде, мынадай мөлшерде өткізуге болады:  200 дана темекі,   немесе 50 дана сигара (сигарилла), немесе 200 дана қыздырылатын темекі өнімдері (стиктер),  немесе 250 г темекі,   немесе жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын әртүрлі темекі өнімдері.

Кеден заңнамасының бұл талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 549-бабына сәйкес ЕАЭО кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жасыру ретінде қарастырылады және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Аталған бапқа сәйкес, ондай құқық бұзушылық үшін жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, құқық бұзушылық заты болып табылатын тауарлар тәркіленеді немесе тәркілеусіз жүзеге асырылады. Сонымен қатар, арнайы жасырын орындармен жабдықталған көлік құралдары мен кеден шекарасы арқылы жасырын түрде өткізілмек болған тауарлар да тәркіленуі мүмкін.

Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жолданды.