Date of publication: 17.04.2025 17:14
Date of changing: 17.04.2025 17:14

Бүгін  Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Алтынкөл-жол» кеден бекетінде ҚХР Үрімші кеден басқармасына қарасты «Хоргос» кеденінің бастығы Мао Жунган, кешенді операциялар бөлімінің бастығы Хамид Саймайд, өткізу пункті басқармасының бөлім бастығы Ли Нун, кедендік тексеру бөлімшесінің бастығы Хайсал Смахур, өткізу пункті бас- қармасы бөлімше бастығының орынбасары Абдухалий Абдухарак келіп, кеден бекетінің жұмыс барысымен танысты.

 Кездесуге Қазақстан жағынан мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Ғабит Оразов, Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Баймулдинов, кедендік әкімшілдендіру басқармасының басшысы Шалқар Болатбек, «Алтынкөл-жол» кеден бекетінің басшысы Арман Қожасбаев, аталмыш кеден бекеті басшысының орынбасары Бекен Нұрахметов қатысты.

Кездесу барысында қытайлық әріптестерге кеден жүйесінің заманауи талапқа сай автоматтандырылуы, ақпараттық технологияның енгізілуі, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеру, кедендік ресімдеу, инспекциялық тексеру кешені арқылы сканерлеу, тәуекелді басқару тәсілі және басқа да техникалық регламентке байланысты ауқымды таныстыру рәсімі жасалды.

  Кездесу соңынан қытайлық әріптестер жаһандану дәуірінің заманауи талаптарына сай кедергісіз жұмыс істеп жатқан кеден бекетінің жұмысына жақсы баға беріп, келесі кездесуді қытай жағында өткізу жөнінде келісімге келді.