Date of publication: 16.04.2025 17:56
Date of changing: 16.04.2025 17:57

  “Алтынкөл” станциясы әлемнің қырықтан астам еліне тауар жөнелтетін стратегиялық маңызы бар теміржол өткелі болып табылады. Бүгін “Алтынкөл- жол” кеден бекетіне Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер комитеті жанындағы Ресей федералды кеден қызметінің өкілдері келіп, кеден бекетінің жұмыс барысымен танысты. Танысу барысында кеден бекетіндегі тауарларды кедендік тексеру мен ресімдеу шараларының заманауи талапқа сай жоғары ақпараттық технология тәртібімен автоматты түрде жүргізіліп отырғанына  жақсы баға берді. Сонымен қатар 50-60 контейнер  тиеген бір составты 2-3 минуттың ішінде кедендік тексеруден өткізетін инспекциялық тексеру кешенінің сканерлік жүйемен жұмыс істеу тәсілін көрді.