
Бақылау-касса машинасын жаңарту: салық төлеушілер нені білуі керек
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) Салық кодексінің 170-бабына сәйкес бақылау-кассалық машиналардың (бұдан әрі – БКМ) мемлекеттік тізілімін жүргізеді, оған БКМ модельдерін қосу және алып тастау арқылы өзгерістер енгізеді.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 «БКМ қолдану мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, техникалық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты салық төлеушілер пайдаланбайтын 98 онлайн емес БКМ моделі мемлекеттік тізілімнен алынып тасталды.
Мемлекеттік тізілімнен шығарылған БКМ модельдерінің тізімі Комитеттің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған:
https://kgd.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/prilozhenie_ob_isklyuchenii_0.docx
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Комитет салық төлеушілерді мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді беру функциясы бар, техникалық талаптарға сәйкес келетін онлайн БКМ модельдеріне көшіру бойынша жұмыс жүргізуде.
Мемлекеттік тізілімге енгізілген онлайн/офлайн БКМ модельдерінің тізімі Комитеттің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған:
https://kgd.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/gosreestr_kkm_ru_0-2.docx
Комитет Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ді міндетті түрде қолдана отырып жүргізілетінін еске салады.
БКМ қолдану тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.