Date of publication: 25.11.2024 10:32
Date of changing: 25.11.2024 10:33

Жетісуда өткен жиында көлік құралының түрін мақұлдауды алудың негізгі мәселелері талқыланды

 

 

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Б.Н.Бейсебаевтың төрағалығымен. «Нұр жолы» кеден бекетінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен көлік құралының түріне мақұлдауды беру мәселесі бойынша кездесу өтті.

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) кедендік аумағына ЕАЭО кедендік аумағындағы сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді әкелу тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №130 шешімімен (бұдан әрі- тәртіп) бекітілген.

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында «доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 018/2011) (бұдан әрі – КО ТР 018/2011, техникалық регламент) қолданылады, ол жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда пайдалануға арналған доңғалақты көлік құралдарына міндетті талаптарды белгілейді.

2024 жылғы 01 желтоқсанан бастап көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырған кезде техникалық реттеу шараларының сақталуын растау ретінде көлік құралының үлгісін мақұлдауды (бұдан әрі – КҚТМ) тек қана көлік құралының типін мақұлдауда көрсетілген заңды тұлғалар,ал шешімнің 10) тармағының в) тармақшасында көрсетілген тұлғалар КҚТМ ұсынған жағдайда, шығарылған күнінен бастап 3 жылдан аз уақыт өткен сериялық өндіріс өнімі үшін де мақсатына назар аударуға тиіс.