
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлттық валютаның енгізілуі тарихи оқиға, мемлекетіміздің экономикалық тәуелсіздігі мен егемендігінің символы болды. Әрқайсыңызға кәсібилігіңіз бен адалдығыңыз үшін, елдің қаржы секторын дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамын. Сізге зор денсаулық, амандық және Қазақстанның гүлденуі үшін жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т.Козбеков