Date of publication: 12.11.2024 12:55
Date of changing: 12.11.2024 12:55

Декларациясын ұсынбаған салық төлеушілердің банк шоттары бұғатталады

 

 

 16 қыркүйекте Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде декларацияларды қабылдау аяқталды.

Оған жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары қатысты.

 Бұл жүйеге алғаш кірген азаматтар 250.00 нысаны бойынша активтер мен міндеттемелер туралы “кіріс” декларациясын, ал қалғандары 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыруы керек еді.

Естеріңізге саламыз‼️‼️‼️

 Декларацияны ұсынбаған салық төлеушілерге салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбау туралы хабарламалар жіберілді.

Хабарламаны алғаннан кейін азаматтардың декларация немесе түсініктеме беру үшін 30 жұмыс күн мерзімі бар.

Салық кодексінің 118-бабына сәйкес мерзімде салық есептілігін ұсынбау туралы салықтық хабарламаларды орындау мерзімі өткеннен кейін банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады.